Последние публикации
У меня язвы на ногах врачи не могут поставить диагноз как лечить Комментариев: 23Дата: 20.01.2015, 10:16

Клиника ифаркта миокарда. доврачебная неотложная помощь Музыка из адреналина раш абсолютная энергия

Купить подушка варифорт Комментариев: 22Дата: 14.01.2015, 20:04

Как вывести пятна от черной сумки с белой сумки из искусственной кожи Цены на процедуры по подтяжке век москва

Какого характера могут быть боли при язве желудка Комментариев: 8Дата: 23.01.2015, 23:40
Как частоможно делать массаж простаты Комментариев: 8Дата: 21.01.2015, 01:31

Чему равен 1 мл.в инсулиновом шприце Реферативный журнал кардиология

Асцит при церозе печени,лечение Комментариев: 19Дата: 25.12.2014, 16:08

Центры где принимает кардиолог спб Схемы лечения мускусом при мастопатии

Телефон кардиологии областной больницы на 19 микрорайоне г.липецк Комментариев: 22Дата: 28.12.2014, 18:21
Пивное заболевание сердца Комментариев: 7Дата: 11.01.2015, 01:35

Прейскурант на пребывание в стационаре кардиологии в клиниках беларуси Лечебные диеты при вирусных гепатитов

За и против инсулиновой помпы для детей Комментариев: 21Дата: 05.01.2015, 09:21

Морщинки под глазами как убрать Питание для диабетиков по 2 типу

Статьи из журнала зож- о болях в позвоночнике грыжи дисков Комментариев: 10Дата: 07.01.2015, 23:22

Диагноз болезни гонартроз лечение Яворницкий історія запоріжських козаків

Хронический внутренний геморрой iii стадии Комментариев: 18Дата: 08.01.2015, 00:23

Лечебная гимнастика при колите и запоре Faabhvfwbb бросить курить

Сколиозды емдеу

М. А. Измаханова, оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

г. Қызылорда, Қазақстан

 

Кіріспе: Соңғы жылдары студенттердің денсаулығы төмендеу тенденциясы байқалады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасы оқытушыларының зерттеулері бойынша университеттегі 1-2 курс  оқитын студенттердің 14,8 пайызы дене шынықтыру пәніне жарамайды. Ал, 1,3 пайызы арнайы дәрігерлік топқа жіберілген. Басқа да аурулардың ішінде көптеген зерттеулер нәтижесіне жүгінсек, көп пайызды тіреліп-қозғалатын аппараттары ауыратын студенттер байқалады. Студенттің денсаулығын негізі тіреліп-қозғалатын аппарат қамтамасыз етеді. Тіреліп-қозғалатын аппараттың саулығы көбінесе  омыртқаның жағдайына байланысты [1, б. 14]. Ал омыртқаның ауыруы келбеттіліктің бұзылуына алып келеді. Осылардың бәрін біріктіре отырып, тіреліп-қозғалатын аппарат ауруларының проблемаларын тереңірек зерттелуі қажет екенін байқаймыз.

Жұмыстың мақсаты, міндеттері, материалы мен әдісі.

Жұмыс мақсаты: гимнастикалық жаттығулардың компьютерлік технологияларды қолдана отырып студенттердің дұрыс келбетінің қалыптасуына әсерін тигізуін зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Студенттердің дұрыс келбетінің қалыптасуына гимнастикалық жаттығулардың компьютерлік технологияларды қолданғандағы әсерін тигізуін зерттеу.
  2. Дене шынықтыру сабақтарында  қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану бағыттарын көрсету.

Омыртқаның қисаюынан (деформациядан ) сақтану.

Адамның дене құрылысын табиғи дұрыс болуы ең алдымен тұла бойындағы бұлшық еттердің көбін ұстап тұратын омыртқалардың қалыпты тұруына байланысты кеуде бұлшық еттерінің әлде бір тобының нашар жетілуінен,сондай-ақ,арқадағы бұлшық еттер тонусындағы және қарын тонусындағы нерв регуляциясының бұзылуынан омыртқаның түрліше қисаюы(деформация) : бүкіреюі, жотаның  домалақтануы (тым артқа шығып кетуі) лордоз (тым алдыға шығып кетуі) және сколиоздар (жанына қарай қисаюы) пайда болады [2, б. 21].

Омыртқаның қисаюы адамның тек сыртқы пішінін бұзып қана қоймай, сонымен бірге түрлі мүшелердің тіршілік әрекетін де қыйындатады,  өйткені кеудеде ол мүшелер омыртқалар мен қабырғалардың теріс орналасуының салдарынан жаншылып қысылып тұрады тұлғаның және омыртқаның түрліше қисаюы мектеп балаларының көпшілігінде ересек адамдарда да болады.

Деформацияның басталған кезінде оны түзеу оңайлау болады,ал кешіктіріп алған жағдайда қыйсайған  жерлер қатыңқырайды да,оны емдеу үшін көп күш ,көп уақыт керек болады,сонымен қатар мұндай жағдайда оның көбінен нәтиже шықпауы мүмкін.

Омыртқаның түрліше қисаюын емдеу және одан сақтану үшін бұлшық ет тонустарын қалыпқа келтіретін, кеуденің барлық еттерін нығайтатын, әсіресе жетілуі жағынан артта қалған бұлшық еттерді нығайтатын дене шынықтыру жаттығуларды ежелден бері қолданылып келеді [3, б. 7-8].

Жаңа білініп келе жатқан қисаюды емдеу үшін жалпы дамытатын, сондай-ақ дене шынықтыру  жаттығулары  қолданылады.

Арнаулы жаттығулар, алдымен кеуде бұлшық еттері тонусының жүйке регуляциясын жақсартуға ,әлсіреген бұлшық еттерді күшейтуге, тартылып қалған сіңірлер мен бұлшық еттерді созуға қолданылады. Бел бүкірейген жағдайда, сондай-ақ кифоза жағдайында кеудені еңкейту арқылы жасалатын жаттығудың маңызы зор.Сколиоз жағдайларында денені омыртқа қисайған жаққа (мысалы оң жақтан болған сколиозда денені оң жаққа қыйсайту) бүгеді,лордоз жағдайында көк ет бұлшық еттерін нығайту керек.

Түрліше омыртқа қисаюынан  балаларды сақтандыру көп реттерде ата-аналарының оларға көніл бөлуіне байланысты болады.

Омыртқаның түрліше қисаюынан сақтану үшін ата ана өзінің және балаларының дене құрылысын ұдайы бақылап, тиісті дене шынықтыру жаттығулармен үзбей шұғылдану қажет.

Зерттеудің нәтижесі.

Келбеттің бұзылуы сагиатталдық та, фронтальдық та тұрғыларында кездеседі. Сагиатталдық тұрғыдан қарағанда омыртқаның орналасу өзгерісін және қисықтықтың үлкеюін, я болмаса кішіреюін ажыратады: бүкірею - мойын иілісінің және кеуде кифозының  үлкеюі және көлденең лордоздың кішіреюуі; дөңгеленген арқа – кеуде кифозының үлкеюі және көлденең тілісінің кішіреюі; дөңгеленген арқасы бар студенттерде барлық омыртқа иілуінің, жанбас сүйегінің бұрышы  үлкеюі байқалады; жалпақ арқа -  көлденең иілістің  нығыздануы, жанбас сүйегінің бұрышы  кішірейеді, көкірек иілімі бәсеңдейді, кеудесі төмен жылжиды, жауырыны қанаттүрлі; жалпақ және ішке қараған арқа – кеуде кифоздың кішіреюі, кеуде тарланады, қарынның  бұлшықеттері әлсірейді.

Фронталды жазықтағы қалыптың бұзылуына ассиметриялық қалып жатады. Бұл кезде дененің оң және сол жақтары симметриясы бұзылады; омыртқаның иілуі төбедегі бөлімі оңға я болмаса сол жаққа қисаяды; белдің үшбұрыштылығы өзгереді; иық пен жауырын бір жаққа қарай төмен түседі.

Кейбір авторлар келбеттің бұзылуын үш дәрежеге бөледі: бірінші (бастапқы) студенттердің денелерінің қисықтығы стеналардың жанында тұрғанда күш салғанда кетеді; екіншісі (өтпелі) - тұрақты бұзылу, дененің қалпын өзгерткенде, өзгермейді; үшінші (бекітілген) – бұзылулар тек бұлшық етке ғана байланысты емес, тіреліп-қозғалатын аппаратқа да байланысты. Тұрақты жайдың бұзылуы ішкі ағзалардың жұмысына кедергі болады. Дем алудың, жүрек-тамыр жүйелерінің резервтері төмендейді, ағзаның адаптациялық мүмкіншіліктері  бұзылады,  қарынның бұлшық еттерінің әлсіреуі, ішкі ағзаның дұрыс жұмысын бұзады. Денсаулық үшін омыртқаның тіке, дұрыс жетілуі өте маңызды. Омыртқааралық саңылаулардан  өтетін 31 арқалы ми жүйкелер ағзаның әр түрлі қызметтерін реттейді. Омыртқалардағы  және омыртқа аралық дискілердегі жүйкелер жұмысы дұрыс жүрмесе, радикулитке, остеохондрозға, ішкі ағзалардың және бас ми ауруларына алып келеді.

Сондықтан, студенттердің дұрыс, тізу келбетіне арналған физикалық жаттығуларды қолдану, келесі мідеттерді шешуге алып келеді:

  1. Бұлшық ет және буын сезгішін жетілдіру мен дамуын;
  2. Қарын мен арқаның бұлшық еттерін нығайту мен дамыту (табиғи бұлшық ет корсетін даму).
  3. Иық пен жанбас буындарын қозғалыс амплитудасын көбейту және омыртқаның икемділігін дамыту.
  4. Жүрістің, демалудың, дененің қалпын дұрысталуын дамыту.
  5. Студенттердің физикалық жетілуін жақсарту.

Келбеттің дұрыс  жетілуіне негіз болатын – ол гимнастикалық жаттығулар. Негізгі физикалық жаттығуларды шартты үш топқа бөлуге болады:

  1. Демалу дағдыларын дамытатын және бұлшық ет корсеттерін қатайту (қол, аяқ, дене, қарынға арналған жаттығулар);
  2. Дұрыс келбеттің дамуына арналған жаттығулар;
  3. Келбеттің дефектерін алдын алуға арналған дәлдеп түзету жаттығулары.

Бірінші топтың жаттығуларын күштің дамуына және бұлшық еттің төзімділігіне қолданады, оларды гимнастикалық кілемшенің үстіңде  іште, я болмаса арқада жатып жасайды  (омыртқаны босаңсыту негізінде).

Екінші топтың жаттығулары қозғалыс құрылымын белсендетеді, яғни оның функционалды білінуін (бұлшық ет-буын сезімдік дамуы) – басқа қойылған заттармен жасалатын жаттығулар, әр түрлі дене тұрыстарын қабылдауын дамыту.

Үшінші топтың жаттығулары келбетке ортаның негатив әсерін алдын алатын жаттығулар.

Көбінесе тіреліп-қозғалатын аппараттың аурулары қозғалыстың шектеуімен қабаттасып келеді – гипокинезиямен – бұл дегеніміз ағзаның жаттығуларға қарсылық шақыртуы. Бұл кезде дене шынықтыратын жаттығуларды дұрыс қолдану маңызды.

Бұл кездері аурулардың реабилитациялаудың жетістігінің міндетті шарты қайта-қайта, үзбей жасалатын физикалық жаттығулар ауырған жүйенің міндеттерін (арнайы жаттығулар),  аурудың толық ағзасының (негізгі жаттығулар) дамыту болып саналады. Белсенді жаттығулар процестің ақталып шығуына күшті дәлел.

Аурудың алдын алу қажетті шарты, науқас адамның өз күшін қайтару мақсатында белсенді және есті айқындамалы болуы. Науқастың физикалық белсенділігі өлшемді формадағы терапевтік мақсаттар шегінен аспауы қажет, науқастың көңіл-күйі, ауруының өзгешілігі және ағзаларының атқаратын қызметтерінің бұзылуы есептелу керек.

Науқастың күш-қуатын қалпына келтіруде жаттығуларды дұрыс таңдауы, физикалық жүктеуді бәсеңдетіп көбейтуі және де олардың жүйелілігі маңызды.

Қазіргі таңда дене шынықтыру адамдардың денсаулығын сақтаудың ен маңызды факторына айналып, олардың физикалық және рухани байлықтарының дамуының, көптеген аурулардың және де ағзалардың функционалды бұзылуының алдын-алу факторы болып саналды. Денені шынықтыратын жаттығуларды қолдану науқас ағзаның жаттығуларға төзімділігін және ауырған жүйені қайта қалпына келтіру мақстаның шешімі.

Бұл проблеманы шешу барысында біз компьютерлік техниканы пайдаландық. Қоғамның жаппай информатизациялануы және өз денсаулығына қызуғышылықтың көтерілуі студенттерді де айналып өтпеді, біз студенттердің дене шынықтыруға қызуғышылығын көтеру барысында компьютерлік технологияларды қолдануларын ұсындық. Арнаулы медициналық топтың студенттеріне бірінші сабақта ауырған омыртқаны емдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдаландық. Келесі сабақта студенттер бағдарламаның жаттығуларын үйрене бастады. Бағдарламаны толығырақ бейімделе бастағаннан соң, сабақтардан тыс уақытта жаттығуларды дербес орындау жөнінде  тапсырма алды.

Бейне тапсырмалардың мазмұны келесі:

-   омыртқа-қозғалыс буындарының анатомиялық және физиологиялық негіздері;

-   омыртқа ауруларының пайда болуының негізгі себептері;

-   дербес қолдану үшін арналған жаттығулар кешені.

 

Тұжырымдар:

  1. Студенттерге өз денсаулықтарының деңгейін қадағалауын, ауыру тәуекеліне шалдықпауын, негізгі паталогиялық  синдромдар жайлы, өз денсаулықтарының динамикасын оқытушының қадағалауымен  жеке бағдарламасымен қазіргі заман технологияларын пайдалану арқасында байқалады.
  2. Физикалық мәдениеттің жеке бағдарламаның практикалық жүзеге асырылуы студенттер денсаулығының тиімді сауығуына алып келеді.

Ұсыныстар

Арнаулы медициналық топтың студенттерінің денсаулығын жақсарту мақсатында, мұндай жұмыстарды басқа ауру диагноздары бар студенттермен жүргізу қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Тайжанов С., Қульназаров А., Қасымбекова С. Дене тәрбиесі арқылы дене қасиеттерін жетілдіру / Дене тәрбиесі,Алматы «Жазушы», 2002.

2.   Сәрсенбаев А.Ж., Өміргалиева К.Ө., Мөнкебаева К.Ж. Спорттық жаттығулар / Оқулық. – Алматы, 2000.

3.   Иванов Г.Д., Құлназарпов А.Қ., ЖОО-дағы  дене тәрбиесінің рөлі / «Студеттердің дене тәрбиесі». – Алматы, 2005.

Источник: http://sociosphera.com/publication/conference/2014...

Раздел: Лифтинг
ПОХОЖИЕ ПУБЛИКАЦИИ
КОММЕНТАРИИ НА САЙТЕ
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Введите код:
32 неделя беременности болит и тянет низ живота поясницу иноги